Алғысым шексіз

   Қалалық орталықтандылған кітапханалар жүйесіне қарасты №10 Қараөзек ауылдық кітапхананың белсенді оқырмандары   1-наурыз Алғыс айту күніне орай  «Алғысым шексіз» тақырыбымен  ауылдың рухани-мәдени ордасы - кітапханада бас қосты. Бұл мереке көпұлтты елдің халықтары арасындағы достық, мейірімділік пен келісімнің көрінісін үлгі етуге бағытталған. Ел тұрғындарының бір-біріне және қазақ халқына төзімділік пен қонақжайлылық танытқаны үшін алғысын білдіретін күн болып саналады.  Шара барысында  Дүрманов Тоқтабай, Абуова Шырынкүл, Қайырбекова Жамал,  Жолтаева Балсары секілді  зейнеткер аға-апалар  қазақ халқының сан қилы  тағдырынан,   тағдырдың талайымен келіп   елімізді паналаған өзге ұлт өкілдеріне деген ұлтымыздың қамқорлығы, шынайы достық сезімі туралы келелі әңгімелер қозғап, өзара пікірлесті. Көп ұлттың басын біріктіріп бейбіт өмір құрып отырған еліміздің салиқалы саясатына, жаратқан тәңірлеріне, бақытты өмірлеріне,   ризашылықтарын білдіре отырып, еліміздің жарқын болашағына деген нық сеніммен шараны қорытындылады. 

 
01 наурыз 2023 ж. 396

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам