Ізгіліктің бір ізі- алғыс айту
А.С.Пушкин атындағы орталық кітапхана 1-Наурыз Алғыс айту күніне орай Қызылорда облысының ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» Коммуналдық Мемлекеттік Мекемесінде, Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдерінің қатысуымен «Ізгіліктің бір ізі- алғыс айту» атты мерекелік кездесу кешін өткізді.
Мерекелік кешке арнайы « Қазақстан-достық мекені» атты кең көлемді кітап көрмесі ұйымдастырылып, қала қонақтары мен тұрғындарына таныстырылды.
Шара барысында, кітап көрмесімен танысқан қала тұрғындары бүгінгі көпұлтты мемлекетімізді мекендейтін халықтар достығы жайлы өздерінің келелі ой-пікірлерін жеткізіп, алғысын білдірді.
Шараның миақсаты: «Алғыс айту» күнінің мағынасын ашу,мәдени құндылықтар мен адами қарым-қатынасты қалыптастыру. Еліміздегі барлық ұлт пен ұлысты бір шаңырақ астына топтастыратын Қазақстан халқы Ассамблеясының күні жайлы ақпарат беру, Қазақстанда тату-тәтті өмір сүретін халықтардың әдет-ғұрпын, әдебиетін, дәстүр-тарихын, тілін қастерлеп, бүгінгіміз бен келешегімізді жалғайтын жас ұрпаққа ұғындыру, насихаттау.