Алғыс айту парызым

   Алғыс айту күні, бұл ең алдымен елімізде тыныштықпен, үндестік, өзара сенімділікпен,  барлық Қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған қысылтаяң шақта бар ауыртпашылықты бірге көтеріп,   бірлік туын көтергендердің, Қазақстандық патриотизмнің, бірлік пен достықтың жарқын мерекесі. Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты № 12 кітапхана 1 – наурыз Алғыс айту күніне орай   «Алғыс айту парызым» атты мерекелік кеш ұйымдастырды.  
   Тағдыр тоғыстырған Қазақстанның көпэтносты халқының ортақ тарихын құрметтеу күні өткізілген шара барысында жас оқырмандар қазақ ақындарының тақырыпқа сай өлеңдерін жатқа оқып, Сакен Рауан, Ғаниұлы Мади әуелете ән салса, Тұрсынқызы Аян,  Жұмағали Томирис,  Жеткербай Алина билеп өз өнерлерін көрсетті. Мерекенің  басты мақсаттарының бірі өскелең ұрпақты достық, бір – біріне деген құрметпен, толеранттылыққа, отан сүйгіштікке тәрбиелеу.  Қазақстанда этникааралық келісіммен ұлт аралық қарым-қатынасты нығайту.
   
01 наурыз 2023 ж. 481

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам