Ереулі атқа ер салмай
2023 жылдың 2 наурызы күні А.С.Пушкин атындағы орталық кітапхана С.Ысқақов атындағы Қызылорда құрылыс және бизнес колледж студенттерінің қатысуымен, тарихи тұлға, дауылпаз ақын Махамбет Өтемісұлының 220жылдық мерейтойына арналған «Ереулі атқа ер салмай» атты жыр кешін өткізді.
Шара барысында Лед экраннан «Әулет» атты Махамбет Өтемісұлының өмірі мен балалық шағына арналған бейнебаян тамашаланды. Жыр кешін кітапхананың белсенді оқырмандары Медеу Жасұлан, Ерсұлтан Тұрмахан , Әділжан Азынабай «Жәңгір хан мен Махамбет» арасындағы диалог – көріністен бастады. Сонымен қатар,Махамбет Өтемісұлының өмірі мен ерлік жолдарына арналған «Махамбет мұрасы – елдіктің өшпес рухы» атты кітап көрмесі бойынша әдебиеттерге шолу жасалып, Махамбет Өтемісұлының қылыш сермеген батыр, дауылпаз ақын, күйші әрі сазгер болғаны жайлы колледж студенттері А. Байсалбаев, А.Сырман, Ж.Арыстанова, Д. Жақсылықова, Н.Қаржаубайқызы, К.Мамыр «Қызғыш құс» «Жалғыздық» «Ереуіл атқа ер салмай» ,«Мен құстан туған құмаймын» т.б.өлеңдерін мәнерімен оқып, «Өкініш», «Қайран, Нарын», «Жұмыр қылыш», «Жорық», «Ақтабан», «Тарлан» күйлерін өз нақышымен орындап, тыңдарман қауымының көңілінен шықты. Шара колледж студенті Дильназ Жақсылықованың орындауындағы «Тәуелсіз елдің қызымын» әсем әуенімен аяқталды. Шара өте тартымды қызықты өтті.