Өнегелі өмір
Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №17 Қызылжарма ауылдық кітапханасында «Өнегелі өмір» жобасы аясында ауылдың өсіп-өркендеуіне үлесін қосқан ауылдық Кеңесте хатшы, бас маман, ауыл әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған Смайлова Сарсенкүл апаймен кездесу кеші өткізілді. Біздің ұлттық құндылықтарымыз-үлкенді сыйлауға, үлкенді құрметтеуге, үлкеннен үлгі алуға негізделген. Аналарымыздың өнегелі өмір жолы жастарға, өскелең ұрпаққа мұрат. Шара қонағы ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ордабаев Молдашбек кеш кейіпкері жайлы лебізін білдіріп , Мәдениет үйінің «Қуаныш» әжелер ансамблі әннен шашу шашты. Кітапхананың белсенді оқырмандары Сансызбай Әли, Төлепберген Аслан, Төрехан Ақбота қазақ ақындарының ана тақырыбында жазылған өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқыды. Смайлова Сарсенкүл апайдың өмірінен мәлімет беретін бейне слайд көрсетілді. Қоғамға өз еңбегімен үлес қосқан Сарсенкүл апай кеш соңында сөз алып, ризашылығын білдірді.







