Анама әдемі сый табақ
Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі № 8 Ж.Махамбетов ауылдық кітапханасында 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай № 268 мектеп-лицей оқушылардың қатысуымен «Анама әдемі сый табақ» атты шеберлік сағаты өткізілді.
Балалар бойында ізгілік, инабаттылық, адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру, ананың еңбегін ақтауға, ананы құрметтеуге, сыйлауға, ананың мейірім махабатын, жақсылығын түсініп, оған балалық сүйіспеншілікпен жауап беруге тәрбиелеу мақстындағы шара барысында оқушылар аналарына арнап өз қолдарымен сыйлық жасап анаға арнаған өлеңдерін оқыды.







