Сүйкімді қыз

   Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №2 балалар кітапханасы  мен  №140 Абылайхан атындағы қазақ орта мектептің кітапханасы бірлесуіменг 8 наурыз халықаралық әйелдер мерекесі қарсанында «Сүйкімді қыз» атты байқау  өткізді. «Мен қазақтың қызымын дара туған» атты таныстыру кезеңімен, салт — дәстүрге байланысты сұрақтарға жауап беріп,   қолдан бұйым жасап әкеліп өз өнерін көрсеткен, қағаз, пакет  және басқа да қолданыста бар заттан көйлек жасап киіп сән үлгісін көрсеткен сайыскер қыздарымыз ерекше белсенділік танытты. . Мектеп директорының тәрбие оқу ісі жөніндегі орынбасары Оспанова Айтолқын Ибрагимқызы шараны ашып,  қатысушы қыздарға  сәттілік тіледі. Байқау барысында қатысушы қыздар өз білімдері мен өнерлерін ортаға салып, жеңімпаз  атануға ат салысты. Нәтежесінде  7 «ә» сынып оқушысы Ибрагим Әйгерім бас жүлде иегері атанса, 7 «а» сынып оқушысы Эрхон Айдана 1 орын иегері, 7 «б» сынып оқушысы Жолдыбай Арайлым 2 орын, 7 «г» сынып оқушысы Ибрагим Динара 3 орын иегері атанды.Барлық жеңімпаздарға және оқушыларды дайындаған сынып жетекшілеріне  қалалық кітапханалар жүйесінің  атыннан Диплом мен Алғыс хаттар табысталып, бағалы сыйлықтар берілді. 
  Шараның басты мақсаты: Қазақ қызының бойындағы ұлттық дәстүрімізге сай қасиеттерге  бағыт- бағдар бере отырып, олардың бойында қарапайымдылық, әсемділік, өнерге қызығушылық, сахна мәдениетін, шығармашылық қабілеттерін арттырып, салт-дәстүрімізді ары қарай жалғастыруға  себепші болуға баулу.
  Шараға 75 оқырман қатысты
03 наурыз 2023 ж. 259

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам