Сұлу қыз, ару әйел, асыл ана
С.Майқанова атындағы мәдениет үйінде Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын Ғазиза Әбілданың шығармашылығына арналған «Сұлу қыз, ару әйел, асыл ана» атты поэзия кеші өтті. Шараға зиялы қауым өкiлдерi, қала тұрғындары, кітапхана оқырмандары қатысты.
Кеш Қызылорда «Жастар театрының» әртістері ақын шығармаларынан дайындаған қойылыммен басталды.
Іс-шара барысында Қ.Р Парламенті Сенатының депутаты Руслан Рүстемовтың, облыс әкімінің орынбасары Н.Сақтағановтың, қоғамдық даму басқармасының басшысы А.Есмахановтың құттықтаулар табысталып, ақынға сый-сыяпат жасалды.
Кешке өнер иесін құттықтап, алыс-жақыннан ақындар келді. Ақын Ғазиза Әбілдаға Қазақстан Жазушылар одағы облыстық филиалының төрағасы, «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Қ.Есімсейітова Халықаралық Жазушылар одағының «Құрмет» грамотасын табыстады. Кеш иесіне халықаралық «Алаш әдеби сыйлығының иегері Қ.Жәленова, «Парасат» орденінің иегері, белгілі қоғам қайраткері А.Божанова, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, облыстық «Сыр бойы» газетінің бөлім меңгерушісі Д.Аяшұлы шығармашылық табыс тілеп, жылы лебіздерін білдірді.
Сонымен қатар облыстық мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Қуаныш Жанұзақов, Қызылорда қалалық мәдениет және спорт басқармасы басшысы Жағыпар Тажмаханов құттықтау сөз сөйлеп қаламгер шығармашылығына тоқталды.
Ғазиза ақынның туған жерінен де құттықтау хаттар Жалағаш ауданының әкімі А.Есжановтың атынан, «Жалағаш жаршысы» газетінен және Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебеп ғылыми кітапханасы басшысы атынан кітапхана директорының орынбасары А. Жанғабылова келіп сый-сияпат жасады.

Кешті жүргізу тізгінін жас ақын Ақжол Түменбай өз иелегіне алып, өлең жолдарымен кеш ажарын аша түстi.
Ғ.Әбілда қазіргі күні облыстық «Сыр бойы» газетінде қызмет атқарады. Сыр өңірі ғана емес, еліміздегі ойлы оқырман атаулыға шығармалары етене таныс ақынның 2011 жылы «Таңсәрі», 2021 жылы «Сезiм – серуен» атты жыр жинақтары жарык көрген. Ақын жырларын қырғыз ақындары Кундуз Суранбаева мен Назгүл Хантөреева өз тілдеріне аударған.
Жыр кешінің иесі Ғазиза ақын жүрекжарды өлеңдерін оқып, оқырман қауымды, жыр сүйер көрермендерін тәнті етті. Сондай-ақ ақын өленiне жазылған әсем әндер шырқалып кеш ажарын аша түсті.
Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Рахметова Гүлмира Шамсутдинқызы керемет кешті қорытындылап бүгінгі кеш иесіне ұжым атынан сый- сияпат жасады.