Әйел-ана,әйел –жыр
№4 кітапхананың ұйымдастыруымен 8 наурыз халықаралық әйелдер мерекесіне орай «Әйел-ана,әйел –жыр» атты әдеби оқу №253 мектепте 5 сынып оқушылары арасында өткізілді. Шарада Р.Рахымжан,Ө.Айзере,Т.Ағзам,С.Әнипа,М.Айзере,О.Әлішер,Т.Рамазан атты оқушылар аналар жайлы ақындардың өлең жырларын оқыса,Есетқызы Айзере «Әке-ана» атты әнді нақышына келтіре орындап әдемі әнмен мерекелік көңіл күй сыйлады. Оқушылар мерекеге орай ұйымдастырылған көрмемен танысып,алғыс хаттармен марапатталды.







