Бала жанының бағбаны

    Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты № 4 кітапхананың ұйымдастыруымен  № 261 С.Лапин атындағы мектептің кітапханасында Көрнекті ақын, Қазақстанның халық жазушысы, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Мұзафар Әлімбаевтың 100 жылдығына орай «Бала жанының бағбаны»атты жыр сағаты өткізілді.
    Шара барысында  Ұрпағына ұлағатты сөз қалдырған қарымды қаламгер жайлы қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімдері Жулмурзаева Жанар , Рахымбердиева Нұрила  толық мағлұмат берсе , жас оқырмандар  ақынның «Бала деген бал екен», «Кел төріме шық ,балам», «Кітап туралы ой», «КІТАП – ақылшың, әрі досың»атты  және тағы басқа өлеңдерін  мәнерлеп жатқа оқыды.Ақынның балаларға арнап жазған түрлі тақырыптағы  жұмбақтарына жас оқырмандар дәл әрі нақты жауап бере білді.    Кітапханашы   Жақыпбаева Айнұр ақынның шығармашылығына арналған  кітап көрмесіне шолу жасады. 
 
07 наурыз 2023 ж. 493

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам