Аналар – әлем шуағы
А.С.Пушкин атындағы орталық кітапхана 8 наурыз - Халықаралық әйелдер мерекесіне орай «Аналар – әлем шуағы» атты кітапхана жанында құрылған «Сырласу» қыз-келіншектер клубының мүшелерімен Сыр сұхбат өткізді. Сыр сұхбатымыздың кейіпкерлері кітапханамыздың белсенді оқырмандары Сыздықова Алтынкүл Әлібекқызы 35 жыл медицина саласының ардагері,өз ісінің маманы, қазіргі таңда зейнеткер,ардақты Ана, асыл әже, Қоспанова Айымкүл Омарқызы 30-жыл кітапхана саласында қызмет етіп келе жатқан өз мамандығының ардагері, жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беруде адал қызмет атқарып келеді, өмірлік ұстанымы «Өмір сүр,өмір бойы оқып үйрен», Қанибай Нүргүл Бұхарбайқызы көп балалы батыр Ана, қазіргі таңда «Абылай хан» атындағы жоғары коллед кітапханасының кітапханашысы. Нүргүл Бұхарбайқызы анасының жолын қуып кітапхана мамандығын таңдаған.Осынау көркем мереке қарсаңында, аналарға деген ыстық сезіммен алғыс пен құрмет көрсетілді. Шара барысында әр отбасының алтын діңгегі, ардақты жандарға кітапхана ұжымының атынан сый құрмет көрсетіліп, «Абылай хан» атындағы жоғары колледж студенттерінің қатысуымен «Анаға сый» деген көрініс көрсетіп, шәкірттері ізгі тілектерін жолдады.
Мақсаты : Өскелең ұрпақтың бойында отбасы құндылығын дәріптеу, мейірімділік пен сүйіспеншілікті, Анаға деген құрметті қалыптастыру, адамгершілікке тәрбиелеу.
Мақсаты : Өскелең ұрпақтың бойында отбасы құндылығын дәріптеу, мейірімділік пен сүйіспеншілікті, Анаға деген құрметті қалыптастыру, адамгершілікке тәрбиелеу.







