«Қонақтар» атты әңгімесі
№4 кітапхананың ұйымдастыруымен «Бір ел -бір кітап » акциясы аясында жыл таңдауы жазушы, драматург, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Төлен Әбдіктің «Қонақтар» атты әңгімесі бойынша кітап талдау Н.Ахмадеева атындағы №112 мектеп оқушыларымен өткізілді. Төлен Әбдікұлы шығармаларындағы шоқтығы биік туындының бірі – "Қонақтар" әңгімесі. Шағын ғана әңгіменің идеясы мен айтар ойы тереңде.Бір қарағанда, шығармада әке мен ұлдың арасында немесе ата-ана мен бала арасында ренішті, көңілтолмаушылық пен зілді суреттеген болып көрінуі мүмкін. Алайда әңгіменің айтар ойын одан да терең, одан да биік баланың ата-ана алдындағы парызын ақтауы, отбасылық құндылықтарды жоғалтпауы жайлы ұғымдардан іздеуге болады. Шарада жазушының үздік туындыларымен танысып, шығармаларын қызыға оқып, өз жүректеріне ой түйген оқырмандар Ерлібекүлы Жанат, Сейдахмет Нурбакыт, Кайраткызы Арай, Серікболулы Нурдаулет өз ойларымен бөлісе отырып, «Қонақтар» әңгімесінен көрініс көрсетті.







