Уыз дәмі уылжыған әз Наурыз!
14 наурыз – Көрісу мейрамы, амал мерекесі. Көрісу күнінде халық қыстан аман – есен шыққанына қуанып, бір – бірімен қол алысып, төс қақтырады. Бұл күні барлық өкпе – реніш ұмытылып, кешіріледі.Таң ұясынан атысымен, көрісу мерекесін асыға күтіп отырған әрбір отбасы алдын ала дайындалып қойған дастарханын жаяды. Отбасының кішілері үлкендеріне қос қолын беріп, көрісіп шығады. Ол «Бір жасқа есеюіңмен! Осы жылға аман – есен жетуіңмен!» дегенді білдіреді.
Осы мереке аясында, А.С.Пушкин атындағы орталық кітапханада «Амал келді, жыл келді» атты амал мерекесі өтті. Мерекені С.Ысқақов атындағы құрылыс және бизнес колледжінің 2 курс студенті Мақсұт Лаура «Алғыс» әнімен ашты. Оқырмандар назарына «Уыз дәмі уылжыған әз Наурыз!» атты кең көлемді кітап көрмесі ұйымдастырылып, кітапханашы Кенжебаева Мақпал библиографиялық шолу жасады.
Шара барысында Абылайхан атындағы №140 орта мектептің оқушысы Серікұлы Данияр домбырамен күй тартса, кітапхана оқырмандары Наурыз мерекесіне арналған өлең шумақтарын жолдады. Амал мерекесін қортындылай келе, мектеп кітапханасының меңгерушісі Махаббат Бахытбекқызы Бүгінгі, Көрісу күніне арнайы ұйымдастырылған іс-шараға алғысын білдіріп, жастарымызға -«Шаттық пен қуаныш, бақ-береке, ырыс-ынтымақ, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! » деп ізгі-тілегін білдірді. Іс-шараға 43 оқырман қатысты.