» » Жаңа өмір, жаңа жыл, жаңа күнмен көрісу

Жаңа өмір, жаңа жыл, жаңа күнмен көрісу

   Барша  халық   асыға  күткен  шырайлы   да   шұғылалы көктем  мерекесі, жыл   басы  Наурыз   айыда   келіп  жетті.  Наурыз -  өте  ертеден   келе жатқан мейрам. Күні   бүгінге  дейін   жер   шарындағы көптеген  халықтың дәстүрлі   мейрамы.  Осыған орай   қалалық жүйеге қарасты №12 кітапханада  «Жаңа өмір, жаңа жыл, жаңа күнмен көрісу» атты мерекелік кеш жас оқырмандар қатысуымен өткізілді.
   Наурыз  -  бұл тек көктемнің   ғана   емес, ең  әуелі   ізгілік   пен  жақсылықтың  мейрамы. Ұлыстың осы бір ұлы күні адамдар бір - біріне деген өкпе - реніштерін ұмытып, кешірімге келіп татуласып, табысқан.
Шара барысында «Көрісу, амал,  наурыз» мерекелеріне кеңінен түсінік берілді. Кешке өнерлі жастар қатысып, мерекені ән мен күйге бөледі.«Қарақат» өнер студиясының өнерпаздары «Қазақ» биін,   Пай-пай әнін,  «Сыр жұлдызы» бөбекжай бақшасының  кішкентай бүлдіршіні Аманжолова Мөлдір «Әже»  әнін, Оразалы Нұрали  «Анашым»   әнін, «Күнекей» бөбекжай бақшасының   кішкентай бүлдіршіндері  «Біз бақытты баламыз» және Қуыршақ әндерін шырқады. 
  «Күнекей» бөбекжай бақшасының   кішкентай бүлдіршіндері «Шаттық»  биін,   «Сыр жұлдызы» бөбекжай бақшасы   «Торсық»  биін билеп кеш ажарын ашты. 
   Қалалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы «Мирас» дәстүрлі әншілер ансамблі ,  «Үміт» домбырашылар ансамблі   күмбірлете бірнеше күй ойнап,   «Юникум» өнер-білім орталығының өнерпаздары Самрат Жасұлан және Самрат Даниял «Ерке сылқым» күйін орындады. А.Байтұрсынов атындағы № 211 мектептің  9 «а» сынып оқушысы  және кітапхана оқырманы Бақытжанұлы Мағжан дәстүрлі әндер орындады.
Жас өнерпаздар қатысқан мерекелік кеш келешекте ұрпағымыздың  ұлттық дәстүріміз  бен салт-санамызды, ұлттық өнерімізді  жаңғыртатына нық сенім  орнатты.   
 
14 наурыз 2023 ж. 222

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам