Күй кемеңгері

  Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №18 кітапханада «Ұлылардан ұлағат» жобасы аясында күйші, композитор, домбырашы Құрманғазы Сағырбайұлының туғанына 200 жыл толуына орай «Күй кемеңгері» атты мерекелік кеш №197 мектептің 9,5 сынып оқушыларының қатысуымен өткізілді. Кеш барысында оқырмандарымызға қазақтың күй өнері жайлы, қазақ өнерінде өзіндік өшпес із қалдырған күйші, композитор, домбырашы Құрманғазы Сағырбайұлының өмірі мен күйлері туралы мол мағлұмат берілді.
  Кеш қонағы Қазанғап атындағы жоғары музыкалық колледжінің халық аспаптары бөлімінің студенті Қалыбаев Арсен оқырмандарға күй құдіретін,   «Адай», «Балбырауын»,  «Сарыарқа»   күйлерінің шығу тарихын айтып, шебер орындап берді. Құрманғазы Сағырбайұлы өзінің көңіл-күйін, арманын, қоғамға деген көзқарасын домбыраның қос ішегі арқылы жеткізген. Құрмағазының ғажайып күйлері - халқымыздың өнер мұрасы ғана емес,  мәдени байлығы,   рухани азығы болып ұрпақтан-ұрпаққа жете бермек.
     
15 наурыз 2023 ж. 298

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам