Ұлттық киім –ұрпаққа мұра

    Наурыз мейрамы қарсанында №2 балалар кітапханасында «Ұлттық киім –ұрпаққа мұра» атты  этнография сағаты өтті. Шара барысында  қазақ халқының ұлттық киімдерінің түрі де, үлгісі де еш халықтан кем болмағаны, оның көркем үлгілері тіпті әлемнің этнографиялық мұражайлары мен көрмелерінен орын алғаны және  ұлт мәдениетінде бағалы киімдер сый-сыяпат, дипломатиялық қатынастарда ескерткіш, белгі ретінде жүргені туралы айтылды. Ұлттық киімдегі ою-өрнектің  көне заман тарихымен бірге дамып, біте қайнасып келе жатқан бай қазына   туралы да сөз қозғалып, әдебиеттер таныстырылды. Шараға  Картабаева Гулжазира Орденовна жетекшілік еткен 5 «ә» сынып оқушылары қатысты.
   
16 наурыз 2023 ж. 197

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам