Қазақ әдебиетінің сүлейі
2023 жылдың 16 наурызында № 16 қалалық кітапхананың ұйымдастыруымен белгілі жазушы-драматург Оралхан Бөкейдің 80 жылдығына орай «Қазақ әдебиетінің сүлейі» атты аймақтық байқау өткізілді.
Байқауға қаладағы «Ақмешіт» және «Мерей» мөлтек аудандарында орналасқан № 9, № 136 және № 211 мектептің 6 сынып оқушылары белсене қатысты. Байқау «Тортай мінер ақ боз ат» және «Сұрақ-жауап» атты екі кезең бойынша өткізіліп, бірінші кезеңде қатысушылар О. Бөкейдің «Тортай мінер ақ боз ат» әңгімесінің мазмұнын шебер жеткізу керек болса, екінші кезеңде жазушының өмірбаяны мен шығармашылығына байланысты сұрақтарға жауап берді. Әділ қазылардың шешімі бойынша № 136 мектеп-лицейінің оқушысы Сәрсенбай Бекарыс бірінші орынға, № 211 мектептің оқушысы Тажиева Адель екінші орынға, № 9 мектеп-гимназияның оқушысы Ахметов Ерасыл жүлделі үшінші орынға лайықты деп танылды.