Ұлт келешегі - білікті маман

№15  Талсуат  ауылдық кітапханасында  жастарға мамандық таңдауда бағыт-бағдар,  жүйелі ойлануға мүмкіндік беруге ықпал ету  мақсатында   «Ұлт келешегі - білікті маман»  атты хабарлама сағаты  өткізілді. Шараға ауылдың түрлі саласындағы мамандық иелері қатысып,  мамандықты дұрыс таңдай білудің   адам өміріндегі ең маңызды шешім екендігіне тоқталды.  Қазіргі  кезеңдегі  қажет мамандықтар туралы, жастарды әсіресе еңбекке баулу қажеттілігі туралы ой-пікірлер кеңінен өрбіді. «Кәсіптік білім» топтамасы бойынша әдебиеттердің көрмесі жасалып,  әдебиеттерге шолу жасалды. 
30 мамыр 2019 ж. 693

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам