Жастық шаққа саяхат
Қанша жылдар, ғасырлар өтсін жақсы, шоқтығы биік шығарма ешқашанда өз мәртебесін жоғалтпайды. Біздің кітапханамыздың алтын қорында, М.Әуезовтың әлемге әйгілі тарихи романдар топтамасынан бастап, жас оқырмандар жанын жақсылыққа қайрай білген жалынды жазушы Бердібек Соқпақбаевтың,балалық шақтың балауса күндерін бүгінгідей көз алдыңа әкелер тұғыры биік туындыларын алып оқи аласыздар. Осы орайда, А.С.Пушкин атындағы орталық кітапхананың «Балалар бұрышы» оқырмандары назарына «Жастық шаққа саяхат» атты ретро көрме ұсынып, классик жазушылар шығармаларын кеңінен насихаттады.
Жас оқырмандар кітап көрмесіне қойылған : «Қазақ ертегілері», «Қиял – ғажайып ертегілер», «Қожанасыр хикаялары», «Балалық шаққа саяхат», «Менің атым Қожа», орыс тіліндегі А.С.Пушкиннің «Сказка о рыбаке и рыбке», «Сказки народов мира» және т.б әдебиеттермен танысып, өздеріне қажетті мәліметтер алды. Шара нәтижесінде 4 оқырман үйіне кітап жаздырып алды.