Ата салтым – асыл қазынам

   Қалалық кітапханалар жүйесіне қарасты №15 Талсуат ауылдық кітапханасында   22-Наурыз мерекесіне орай  «Ата салтым – асыл қазынам» таным сағаты  өткізілді.
   Жас оқырмандарға   мерекенің   маңыздылығы мен мағынасы кеңінен түсіндіріліп,   ұлттық салт-дәстүр,   ұлттық киім,  наурыз көженің қасиеті,  ата-бабамыз өсіп-өнген  киіз үйлер    т.б. туралы  мәліметтер айтылып,   әдебиеттер таныстырылды.   Қазақ ақындарының наурыз туралы өлең-жырларын жатқа оқыған жас бүлдіршіндер ұлттық ойындар ойнап,  асықты қызыға шиірді. 
  Наурыз мерекесін ұлттық салт - дәстүрімізбен, әдет-ғұрпымызбен байланыстыра насихаттап, ұрпақтардың өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатындағы шара қызықты өтті. 
   
17 наурыз 2023 ж. 10

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам