Наурызым – нұрлы ырысым
Қалалық орталықтандылған кітапханалар жүйесіне қарасты №6 кітапхана Наурыз мейрамына орай «Наурызым – нұрлы ырысым» атты этнографиялық сағат өткізді. Іс-шара барысында кітапхана оқырмандарына ұлтымыздың ұлттық құндылықтарының бірі де бірегейі Наурыз мейрамының тарихы, мән-мағынасы кеңінен түсіндіріліп, мейрам күндері жасалатын жөн-жоралғылар, салт-дәстүрлер мен ас мәзірі және тағы да басқа этнографиялық ұғымдар жайлы мол ақпараттар берілді. Кітап көрмесі ұйымдастырылып, «Қош келдің, Наурыз!», «Наурызнама», «Нау мен ырыс», «Қазақтың салт-дәстүрлері», «Қазақтың дарқан дастарханы» және т.б. әдебиеттерге библиографиялық шолу жасалды.


