Нұр себеле ұлыстың ұлы күні

   Қалалық кітапханалар жүйесіне қарасты №19 кітапханада   22-Наурыз мерекесіне орай  «Нұр себеле ұлыстың ұлы күні» әдеби қонақжай  өткізілді.
   Жас оқырмандарға   мерекенің   маңыздылығы мен мағынасы кеңінен түсіндіріліп,   ұлттық салт-дәстүр,   ұлттық киім,  наурыз көженің қасиеті,  ата-бабамыз өсіп-өнген  киіз үйлер    т.б. туралы  мәліметтер айтылып,   әдебиеттер таныстырылды.   Қазақ ақындарының наурыз туралы өлең-жырларын кітапхана     оқырмандары жатқа оқыды. 
   Наурыз мерекесін ұлттық салт - дәстүрімізбен, әдет-ғұрпымызбен байланыстыра насихаттап, ұрпақтардың өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатындағы шара қызықты өтті. 
 
20 наурыз 2023 ж. 229

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам