Нұрландырған елімді-нұрлы Наурыз
Орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты А.С.Пушкин атындағы қалалық кітапхана оқу орындарының оқушылары мен кітапхана оқырмандары қатысуымен «Нұрландырған елімді-нұрлы Наурыз» атты көрме-вернисажын ұйымдастырды.
Наурыз мерекесінің шығу төркіні, мазмұны мен мәні, халықтың мәдени-рухани өміріндегі алатын орнын баяндалып, қазақ халқының салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы мен қолөнері, ұлттық тағамы туралы кеңінен насихатталды. Көрмедегі «Наурызнама», «Қазақ халқының салт-дәстүрлері», «Ас атасы нан», «Той », «Ұлттық ойын», «Қазақтың ұлттық тағамдары», «Қазақтың киіз үйі», «Жеті қазына», «Жаңа дәстүр,жаңа салт» кітаптарымен бірге Ұлыстың ұлы күні туралы, наурыз көже жайлы, Әз наурыздың қадірі мен қасиеті туралы кітаптар мен мерзімді басылымдар бетіндегі мол мағлұматтармен жақынырақ таныстырылды