Қасіретті жылдар халық жадында
№14 филиал Белкөл кітапханасында «Қасіретті жылдар халық жадында» атты таным сағаты мектеп оқушылары қатысуымен өткізілді. Ауыл ақсақалдар кеңесінің төрағасы С.Хайруллаев қуғын - сүргін заманындағы азапты күндер жайлы жастарға естеліктер айтып, көп мәліметтер келтірді. ХХ ғасырдағы қазақ ұлты тартқан ең ауыр зардап жылдар мен милиондаған қазақтың басын жұтқан 1931-33 ашаршылық, қазақтың бар қаймағын жалмаған 1936-38 жылдардағы репрессия құрбандары жайлы мәліметті клуб әдіскері Ш.Біртайқызы тарихи деректермен ұштастыра отырып баяндаса, жас оқырмандар А.Зейноллақызы, С. Әбсаттарова, Ж. Ержанова ақындар жырларынан үзінділер оқыды. «Арыстары Алаштың» атты кітап көрмесі бойынша әдебиеттерге шолу жасалып,оқуға ұсынылды.







