Әдемі қиял әлемі
А.С.Пушкин атындағы орталық кітапханада 27 наурыз театр күніне орай «Әдемі қиял әлемі» атты өнер сағаты өтті. Шараға арнайы «Сахна әлемі » атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, оқырман қауымға кеңінен насихатталды. Оқырмандар көрмеден Бақыт Нұрпейістің «Қазақ театр режиссурасының қалыптасуы мен даму кезеңдері 1915-20005», Қазақстанның театр және кино өнерінің әйгілі режиссері, «Халық қаһарманы», КСРО-ның Халық әртісі, Әзірбайжан Мәмбетовтің «Менің өмірім-театр» атты 3-тілде шыққан кітабы, театр әлемінің ең беделді сарапшысы атаған, театр, драматургия туралы 20-ға жуық кітап, мыңға тарта мақала жазған Әшірбек Сығайдың «Сахнаға сапар», «Сахна әлемі», «Таңғажайып театр», театр және әдебиет сыншысы Әлия Бөпежанованың «Сахна сәулесі» атты театр туралы мақалалар, эсселер, портреттер кітабымен, сонымен қатар театр және кино актерлері жайлы, өнер қайраткерлерінің өмір жолдары мен өнердегі шығармашылықтары жайлы тың ақпараттармен танысты.







