Елімнің асқақ өнері

  Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №18 кітапханада Қазақстанның      халық әртісі,  композитор,  әнші Алтынбек Қоразбаевтың 75 жасқа толуына орай "Елімнің асқақ өнері"атты   әдеби-музыкалық кеш  №197 мектептің 9 сынып оқушыларының қатысуымен өткізілді. 
   А.Қоразбаев  ұлттық сипаттағы «Қара кемпір», «Қарашал», «Шашбаулым», «Сырғалым», «Сағындым Кенен атамды» сынды көптеген әндердің авторы.  Ол қазақ халқына әншілік, домбырашылық, сазгерлік, ұстаздық, қазақ музыкасын насихаттаушылық еңбегімен белсенді қызмет етіп келе жатқан  ерекше тұлға. Музыкалық кеш барысында өнерпаз оқырмандар М.Қайырбек,  А.Қалыбаев, А.Мұратбекқызы,  Н.Марат   композитордың әндерін орындап, кеш әсерлі өтті. Асқақ өнер А.Қоразбаевтың әндері ғасырдан ғасырға жалғасып, адам жанын от жылуымен жылытатын туындылар болып қала бермек.
 
30 наурыз 2023 ж. 358

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам