Қорқау жұлдыз
2023 жылдың 30 наурызда № 16 кітапхананың ұйымдастыруымен көрнекті жазушы, драматург Әкім Таразидің 90 жылдығына орай «Қорқау жұлдыз» романы бойынша конференция өткізілді.
Шараға «Қызмет көрсету және сервис» колледжінің студенттері мен мұғалімдері қатысты. Конференция барысында колледждің қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі Арыстанбек Анар жазушының өмірбаяны мен шығармаларына тоқталса, студент Жусупова Диана роман желісіне жалпы түсініктеме берді. Ә.Таразидің «Қорқау жұлдыз» романында қоғамдағы әділетсіздіктерге төзбей өзін-өзі өртеп жіберетін Лима атты жас кейіпкердің жағдайы баяндалады Сонымен қатар романның басты кейіпкерлеріне талдау жасалып, шығарманың негізгі идеясы – қазақ қоғамындағы отбасылық тәрбие, балалардың ой-пікірін тыңдамау, санаспау, ішкі жан дүниесін түсінбеу сияқты проблемалар жайлы айтылды.