Адам өмірі және суицидтен сақтану.
Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №3 кітапханада № 173 мектеп оқушыларының қатысуымен «Адам өмірі және суицидтен сақтану» атты денсаулық сағаты өткізілді. Мектеп психологы Шакиева Шолпан оқушыларға суицидтен алдын алу және оны болдырмау туралы көптеген мағұлмат айтып, кітапхана оқырмандары А.Сейдахметова, А.Рахманова психолог маманға сұрақ қойып, қызығушылық танытты. Кітап көрмесі бойынша әдебиеттерге шолу жасалып, оқуға ұсынылды. Мақсаты: Оқырмандарға суицид мәселесі туралы ақпарат беру, жас өспірімдер мен балалар арасында суицидтің алдын алу, жаман әдеттен сақтану,тек қана жақсы әдеттерді сініру,салауатты өмір салтын қалыптастыруға тәрбиелеу.








