Өмір белестерІ
А.С.Пушкин атындағы орталық кітапханада жерлесіміз ақын Жүнісова Ұлбала Меңліқарақызының шығармашылығына арналған «Өмір белестері» атты кездесу кеші жастар арасында өткізілді. Талантты жазушы Жүнісова Ұлбала Меңліқарақызы Қызылорда облысы , Жалағаш ауданы Аққұм ауылының тумасы. «Өмір белестері», «Ұлмекен», «Перзент парыз», «Атадан қалған нақыл сөз» атты төрт кітаптың авторы. Кеш қонақтары «Өмір белестері» кітабының бас редакторы Қуаныш Маханбет, зейнеткер ұстаз Байбосынова Қамаш, Ұлбала апайдың шығармашылығына тоқталып, жастармен өнегелік әңгімелерімен бөлісті. Кітапқа енген «Әке», «Манақ батыр», «Анаға тағзым» және де т.б өлеңдерін кітапхананың белсенді оқырмандары мәнерімен жатқа оқыды. Қаламгер Манақ батыр жайлы мағлұматтар айтып, жастардың сауалдарына жауап берді. Шығармаларымен өмір жолынан «Қаламгер әлемі» атты кітап көрмесі жасалып, бейнеролик көрсетілді. Шара соңында жүйе директоры орынбасары Айеке Ақнұр шараны қорытындылап, кітапхана атынан кеш қонағына сый – сыяпат көрсетті.







