Жыл кітабы-2023.
Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №17 Қызылжарма ауылдық кітапханасында «Бір ел-бір кітап» акциясы аясында «Жыл кітабы-2023» атты ашық есік күні өтті. Акциясы аясында биылғы жалпыхалықтық оқуға таңдалған қазақ жазушысы, драматург, қоғам қайраткері Төлен Әбдіктің шығармалары бойынша кең көлемді кітап көрмесі ұйымдастырылып,жазушының «Парасат майданы», «Әке», «Өліара» т.б шығармалары таныстырылды. Жазушының тіршілік ағысының тереңіне, құпиясына үңілген, өмір шындығын философиялық тұрғыдан баса пайымдай жазған шығармаларынан оқыған кітаптары жайлы № 144 С.Әлжіков атындағы мектептің оқушылары сынып жетекшісі, ауыл жастары әңгімеледі. Қатысқандар саны-25 адам.








