Ақмешіт бекінісінің ақиқаты.
Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №12 кітапхана Қызылорда оқушылар сарайымен бірлесіп Қалалық музейде «Ақмешіт бекінісінің ақиқаты» атты тарихи кеш өткізді.Қасиетті Сыр өңірінің өткені мен бүгінінен сыр шерткен тарихи кеш барысында жас оқырмандарға екі ғасырлық тарихы бар қала туралы көптеген деректер мен мағлұматтар айтылып, тарихи жәдігерлер таныстырылды. Қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы «Өлкетану» үйірмесінің жетекшісі А.Махамбетова «Ұлы Жібек жолы» желісінің бойында 1818 жылы 10 мыңнан астам қазақтың тұрғызған Ақмешіт бекінісінің, 1901 жылы Перовск арқылы өтетін Орынбор-Ташкент теміржолы құрылысының жүргізілуінің Сыр өңірі тарихының дамуындағы ұлы бастамалар екендігі кеңінен айтты.Үйірме мүшелері А.Жақсылық, А.Нұрлан, Ұ.Қозыбақовалар ақындардың арнау өлеңдерін жатқа оқып, өлкелік әдебиеттер таныстырылды.








