Қазақтың қайсар ұлы Қасым батыр.
Қалалық жүйеге қарасты №1 кітапхананың оқу залында жауынгер жазушы, қазақтың қас батыры Қасым Қайсеновтың 105 жылдығына орай «Қазақтың қайсар ұлы Қасым батыр» ерлік кеші өткізілді.Жас оқырмандарға халық қаһарманы, партизан жазушы Қасым Қайсеновтың өмір жолы мен қахармандыққа толы ерлік жолы туралы туралы тереңірек айтылды. Батырдың ерлік істерін ұрпаққа үлгі ету, оқушылардың бойында отансүйгіштік, патриоттық тәрбиені қалыптастыру мақсатындағы шара барысында «Ерліктің ерен тұлғасы»тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылып, оқуға әдебиеттер ұсынылды.








