Кітаппен бірге өсемін.
№9 Ақжарма ауылдық кітапханасында «Кітаппен бірге өсемін» атты апталықты жас бүлдіршіндер қатысуымен өткізу жоспарлануда. Апталықтың бірінші күні «Ина -Жан» балабақшасының «Ақжелкен» мектеп алды даярлық тобы тәрбиешімен бірге кітапханаға келіп саяхат жасады. Кітап әлемінің табалдырығын аттаған бүлдіршіндерге кітапхана қызметкері ең бірінші кітапхана іші мен «COWORKING» орталығы таныстырылды. Жас бүлдіршіндер өздеріне арналған қызықты әдебиеттермен, ертегі кітаптармен танысты. Кішкентай оқырмандарға кітапханашы ертегі кейіпкерлері, ертегі жайлы түрлі түсті суреттерді көрсету арқылы сұрақтар қойып,«Екі лақ» ертегісін аудио кітаптан тыңдатты. Қызықты шаралар апта бойы жалғасын тауып, балалардың кітапқа деген қызығушылығын тудырары сөзсіз.







