Балалар әдебиетінің бәйтерегі.
Қалалық жүйеге қарасты №13 балалар кітапханасы мен Ә.Тыныбаев атындағы №11 мектеп – лицейдің кітапханасымен бірлесіп балалар жазушысы Б.Соқпақбаевтың шығармаларын насихаттау мақсатында «Балалар әдебиетінің бәйтерегі» атты әдеби портрет 7 сынып оқушылары қатысуымен өткізілді. Шара барысында жазушының өмірбаяны таныстырылып, сынып жетекшісі Ж.Байғабылова жазушының шығармаларын тереңірек айтты. Жас оқырмандар жазушының өздері оқыған «Балалық шаққа саяхат», «Менің атым қожа», «Өлгендер қайтып келмейді» т.б шығармаларының мазмұнын айтып, өздері түйген ойларын ортаға салды. «Бала бағының бағбандары» атты кең көлемді кітап көрмесі жасалып, балалар ақын-жазушыларының шығармалары кеңінен таныстырылды.








