Кітап – ғажайып қазына.
Қалалық жүйеге қарасты №13 балалар кітапханасы мен Ә.Тыныбаев атындағы №11 мектеп – лицейдің кітапханасы 2 сәуір Халықаралық балалар кітабы күніне орай «Кітап – ғажайып қазына» атты әдеби оқу 7 сынып оқушылары қатысуымен өткізді. Кітап атты ғаламаттың құдіреттілігі мен маңызы туралы Биология пәнәнің мұғалімі әрі сынып жетекшісі Әбіш Ақкүміс және кітапханашысы Кулмаганбетова Алмира мағыналы әңгіме айтып, ұлылырдың даналық сөздерінен мысалдар келтірді. Жас оқырмандар А.Қайыпова, Ж.Серік, Р.Сансызбай, Н.Ібайділда, ақын – жазушылардың кітап туралы өлең жолдарын жатқа айтып, викториналық ойын бойынша сұрақтарға нақты жауаптар берді.Кітап – сарқылмас рухани қазына дей келе, білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру. Кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру. Ата-аналар арасында балаларға кітап оқудың қажеттілігін насихаттау.









