Сара сөздің семсері.

Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты А.С.Пушкин атындағы орталық кітапхана мен  №17 Қызылжарма ауылдық кітапханаларының ұйымдастыруымен журналист, жазушы Сақтапберген Әлжіковтың өмірі мен шығармашылығына арналған «Сара сөздің семсері» атты әдеби кеш өткізілді.Сыр халқының  ыстық ықыласына бөленген Сақтапберген Әлжіковтің   өнегелі өмір  жолдарын өскелең ұрпаққа өнеге тұтып,жастардың кітап оқуға деген құлшынысын арттыру  мақсатындағы шараны ҚМУ студенті,кітапхана оқырманы Санақұл Бексұлтан  С.Әлжіковке   «Арнау» өлеңімен ашты.Қызылжарма ауылынының тұрғыны,зейнеткер -Қожахмет Ыдырысов,Филология ғылымдарының кандидаты,Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, «Болашақ» университетінің аға оқытушысы, республикалық «Әлімсақ» журналының бас редакторы- Нұрлан Көбегенұлы,  Астана қаласындағы №2 көпбейінді ауруханасының нейрохирург дәрігері Жәнібек Орынбасарұлы Әлжіков / С.Әлжіковтің немересі қатысып, қаламгер жайлы жылы лебіздерін айтты.Кітапхана іші шараға сай безендіріліп, «Сатира саңлағы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, экраннан  Сақтапберген Әлжіковтың өмірі мен шығармашылығына  арналған бейнебаян көрсетіліп тұрды. Сықақ әңгімелері қоғамдағы белең алып отырған кейбір келеңсіз құбылыстарды, адамдар психологиясындағы, олардың күнделікті қарым-қатынасындағы ерсі қылықтарды сын садағына іліп, сатира тілімен   жеткізген сықақ әңгімелерінен мәдениет қызметкерлері көрініс көрсетіп,кештің ажарын ашты.Қаламгердің  адалдық, адамгершілік, намысшылдық,ержүректік,еңбекқорлық қасиеттердің қоғам дамуы мен адамдар қажеттілігінің нағыз құндылықтары екендігін көркем тілмен бейнелеген очерктері бойынша қойылған қойылымда  оқырманға  ой салатындай шынайы көрсетілді.Кеш қонақтары өз кезектерінде сөз алып қаламгердің шығармашылығының өз кезеңіндегі  қоғамдағы маңыздылығы мен шынайылығы туралы,  естеліктер айтты. Әлжіковтер әулеті өзінің еңбегімен, білімімен, өнерімен Сыр жеріне танымал. Сақтапберген ағамыз  өз оқырманының  жанын   қыл қаламмен өрнектелген шығармасымен емдесе, немересі  Жәнібек  адамның тәнін емдеп,халықтың ризашылығына бөленіп жүрген ақ халатты абзал жан. Астана қаласынан келген немересі  Жәнібек Орынбасарұлы Әлжіков сөз кезегін алып, ауыл трғындарына және ұйымдастырушыларға отбасының атынан ризашылығын білдірді. Шара барысында Қызылжарма Мәдениет үйінің  қызметкерлері  Көшеков Мирамбек  «Бір ел болса»,  Қуаныш Ахметқызы бірнеше әндерді орындап, қонақтарға әннен шәшу шашты.Кешті Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Рахметова Гүлмира Шамсутдинқызы қорытындылады.

13 сәуір 2023 ж. 488

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам