Кітаппен бірге өсемін.
Ақжарма ауылдық №9 кітапханасының ұйымдастыруымен «Кітаппен бірге өсемін»атты апталықтың екінші күнінде «Ина -Жан» балабақшасының «Балауса» ересектер тобы тәрбиешілерімен бірге кітапханамызға қонаққа келді.Кітапханада ұйымдастырылған саяхаттар балаларға өте ұнайды.Кітапханашы балалардың көңілін бұнда әр түрлі қызықты кітаптарға, оларды үйге алып оқуына болатынына көңіл аударады. Сондай – ақ, балалардың көркем шығармаларды жыртпай, дұрыс ұстау керектігін, өйткені оны басқа балалар да пайдалана алатындай етіп, ұқыптылықпен сақтайтынын атап көрсетті. Сонымен қатар, балалар арасында «Кейіпкерді таны»атты ойын сұрақ ұйымдастырлды. Кішкентай оқырмандарға кітапхана қызметкерлері «Үш аю» ертегісінен қызықты қойылым көрсетті.







