Яссауи мұрасы-халықтың асыл қазынасы.
Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №7 Қарауылтөбе ауылдық кітапханасында ұлы ақын, сопылық поэзиясының негізін салушы, күллі күншығыс мұсылмандарының рухани ұстазы болған ойшыл, діни қайраткер -Қожа Ахмет Яссауи бабамыздың 930 жылдығына орай «Яссауи мұрасы-халықтың асыл қазынасы» атты ғибрат сағаты өткізілді. Шара барысында Ахмет бабамыздың өміріне шолу жасалып, Арыстанбаб туралы аңыз таныстырылды. Жас оқырман Шамша Ғазиз М.Жұмабаевтың “Түркістан өлеңін өлеңін жатқа оқып, №179 А.Хангелдин атындағы орта мектебінің 5 сынып оқушылары мен тарих пән мұғалімі Ахметова Гулмираның жетекшілігмен ән айтып, аңыздар мен хикметтер тыңдалды.







