Мен сұлулықты қалаймын
Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №8 Ж.Маханбетов ауылдық кітапханасында N268 мектеп-лицей оқушыларының қатысуымен «Мен сұлулықты қалаймын» атты денсаулық сағаты өткізілді. Шараға N268 мектеп -лицей мейірбикесі Абилкасимова Жанар Жағыппарқызы қатысып, адам өміріндегі денсаулықтың, жас кезден салауаттты өмір қалыптастырудың маңыздылығы туралы айтып, күнделікті дене жаттығуларға қатысуға, күн тәртібін сақтауға, уақытылы тамақтанып, демалуға, дер кезінде дәрігерге көрінуге, жеке басының және көпшілік орынның гигиенасын сақтауға кеңес берді.







