Кітап арқылы ашылған сырлы әлем

   Қызылорда  қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №19 кітапхана «Кітап арқылы ашылған сырлы әлем»- библиофреш    ұйымдастырды. Қазіргі заманғы оқырман сұранысындағы заманауи кітаптар  кітапхана қорында баршылық. Кім болғыңыз келеді, қандай мақсат-мұратқа  жеткіңіз келеді, барлық істің жету жолын бұл кітаптардан таба аласыз? Өміріңізге мағына беретін, ойыңызды өзгертетін, көңіліңізге қанат бітіретін, бақытқа, жетістікке, мансапқа жету жайында кітап оқып, рухани азық алыңыз. «Сіздің тұлғаңыз, өміріңіз – сіз оқыған кітаптардың нәтижесі» Ұсынылған шығармалар заманауи әйелге қатысты қарым-қатынас, әлеуметтік жетістік, өзін-өзі дамыту, өзін және ер азаматты түсіну, бақытқа жету, бала тәрбиесі, стиль, этикет мәселелерін қамтиды. Кітап – өркениет. Кітап оқу – мәдениет. Кітапхана – осы асыл ұғымдар тоғысқан алтын орда. Уақыт керуені алға тартқан сайын осы үш ұғымның да қадірі артып, бағалана түспек. Білімді, бейбіт, бақытты ел болудың басты бағыты осы болу шарт.
17 сәуір 2023 ж. 458

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам