Ұлт рухын ту еткен тау тұлға
Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің ұйымдастыруымен Т. Жүргенов атындағы шығармашылық үйінде мемлекет және қоғам қайраткері Темірбек Жүргеновтің 125 жылдық мерейтойына орай «Ұлт рухын ту еткен тау тұлға» атты тарихи-танымдық іс-шара өтті. Шараның негізгі мақсаты халқы үшін туған қайратты ердің өнегелі өмір жолымен, қызметімен таныстыру, жастарға патриоттық рух беру, адамгершілікке тәрбиелеу, жас оқырмандардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, рухани және мәдени құндылықтарға деген қызығушылықтарын арттыру болып табылады.
Шараға «Сыр медиа» ЖШС қызметкерлері, С. Лапин атындағы №261 мектептің ұстаздары, оқушылары, кітапхана оқырмандары қатысты. Шара барысында «Сырмедиа» ЖШС бас директорының орынбасары Абдуллаева Айжан Жұмабекқызы ұлтының ұлылығын ұлықтаған, ақтық демі таусылғанша бар болмыс-бітімімен, пәк жүрегінің асыл сенімімен елі мен жерінің өркендеуіне баға жетпес қызмет атқарған ұлы тұлға Т. Жүргенов есімімен аталған шығармашылық үйінің тарихына тоқталды. Ал қалалық «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы Батырбеков Азиз Жұмаділдаұлы ойы ұшқыр, қаламы қарымды публицист, ұлттың кемел келешегі үшін аянбай қызмет еткен қайраткер тұлғаның ерен еңбегі мен өнегелі өмір жолы жайлы ой өрбітті.
Сонымен қатар жас оқырмандар Н. Қанибек, Қ. Барысбай, Ә. Ізбасар, Н. Зейнулла қазақ өнері мен әдебиетінің кең қанат жаюына қыруар тер төккен Алаш ардақтысы Т. Жүргеновтің монологін, Ә. Рахымбекұлының, А. Рахметовтің, Ж. Әбдірейімұлының арнау өлеңдерін оқыды және С. Жаппасбай мен Н. Зейнулла халық әні «Ақ толғайды» нақышына келтіре орындап, кеш ажарын ашты.
Темірбек Жүргеновтің қайраткерлік және қаламгерлік тұлғасы жайлы кең көлемді «Қазақ руханиятының жарық жұлдызы» атты кітап көрмесі жасақталып, библиографиялық шолу жасалды.