Бүгінгі сурет-ертеңгі тарих

 Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №17,№3,№4 кітапханалар мен Қызылжарма Мәдениет үйінің  ұйымдастыруымен 18 сәуір-Ескерткіштерді қорғау күніне орай «Бүгінгі сурет-ертеңгі тарих» атты  тақырыптық кеш өткізілді.
   Ескерткіштер әрбір ұлттың тарихын баяндайтын қымбат қазына, баға жетпес құндылық. Сыр бойы тарихи ескерткіштерге өте бай мекен. Туған жерге туын тіккен бабаларымыздың, даналарымыздың мол мәдени шежіресі. Қызылорда облыстық тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау жөніндегі коммуналдық мемлекеттік мекеменің испекторы Зухра Сыздыкова жалпы   ескерткіштер тарихы жайлы мәлімет беріп, кітапхананың белсенді оқырмандары  тақырыпқа сай ақын-жазушылардың өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқыды.   Мәдениет үйінің қызметкерлері патриоттық әндер шырқады. 
   Бүгінгі тарихи орындар мен ескерткіштер алдында айтылар ұлағатты сөздер еліміздің болашақ патриот жастарына ерлік пен қайсарлықты бойына сіңіруде алатын үлесі зор. Шара соңы ескерткішке гүл шоғын қою рәсімімен аяқталды.
 
18 сәуір 2023 ж. 574

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам