Ескерткіштер – тарих шежіресі
С.Майқанова атындағы мәдениет Үйі мен №1 Қалалық кітапхананың бірлесе ұйымдастыруымен «Жалаңтөс Баһадүр» ескерткіші маңында 18 сәуір – Халықаралық тарихи орындар мен ескерткіштерді қорғау күніне арналған «Ескерткіштер – тарих шежіресі» атты мәдени шара болып өтті.
Қазақ елінің ертеңі үшін кеудесін оқ пен найзаға төсеген айтулы тұлға, ұлы бабаларымыздың бірі, тек қазаққа ғана емес бүкіл Орта Азияға ортақ батыр, қолбасшы – Жалаңтөс Сейітқұлұлы бабамыздың құрметіне арналған шарамыздың алғы сөзі Жалаңтөс Баһадүрдің ұрпағы, еңбек ардагері Пұсұрманов Болатбек ағамыз және облыстық тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау жөніндегі мекемесінің инспекторы Ғалымжан Абдукаримов берілді.
Шара С.Майқанова атындағы мәдениет Үйі жанынан құрылған «Шаттық» би үйірмесінің «Батырлар» биімен бастау алып, Жалаңтөс Баһадүр бабамыздың рухына тағзым етіп, гүл шоқтарын қою рәсімі жасалды. Сонымен қатар «Шабыт» көркемсөз оқу шеберлерінің өнерпаздары Ж.Нажмединовтің «Ескеркішке», Б.Әлімжановтың «Батырдың ескерткіші», Қ.Мырзалиевтың және т.б. ақын жырларын оқыса, С.Рыспаевтың «Қазақстаным» әнін Ашықбай Л., «Жалаңтөс Баһадүр» әнін вокалды топ, «Қазақтың баласымын» әнін Тілеуберген Д. орындады. Қатысқан оқырман - 70.