Ақ күріштің атасы - Ыбырай
Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты А.С.Пушкин атындағы орталық кітапхана мен Зағиптар қоғамы клубы бірлесіп, 18 сәуір – Халықаралық тарихи орындар мен ескерткіштерді қорғау күніне орай дала академигі, ауыл шаруашылығының жаңашылы, екі мәрте Социалистік Еңбек Ері, Ыбырай Жақаевтың өмірі мен ерелі еңбегін бүгінгі ұрпаққа насихаттау мақсатында, қаламыздағы Ыбырай Жақаев бюстінің алдында «Ақ күріштің атасы - Ыбырай» атты тарихи-танымдық кеш өткізді. Кешке Жамбыл атындағы №120 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімдері Ж.САлибаева ,Ж.Ә.Құсейінова және Ж.Қизатов атындағы №23 мектеп-лицей мұғалімдері қатысты.
Шара барысында кітапхана оқырмандары А.Балғабай, А.Меңлібай, К.Ғалымжанқызы, К.Умерхан, Б.Жайлаубек, Ф.Маратқызы, Н.Оразбеков Асқар Тоқмағамбетовтың «Ақ күріштің Атасы», «Жылайды жүрек», «Қош, Ыбеке», Серік Сейтмағамбетовтың «Жақаевшылар маршы», Манап Көкеновтың «Ыбырай Жақаевқа», т.б. өлеңдерін жатқа оқыды. Кітапханамыздың кішкентай оқырманы Нұрділдә Инабат Ыбырай Жақаевқа арналған «Арнау» өлеңін жатқа айтып, көрермен қауымның көңілінен шықты. Танымдық кеш соңы Ж.Қизатов атындағы №23 мектеп-лицейінің жас жеткіншек әнші қыздарының орындауындағы әсем әнге жалғасып, Күрішші Атамыздың рухына тағзым етіліп, гүл шоқтары қойылды.