«Оралу» повесі
Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №17 Қызылжарма ауылдық кітапханасында «Бір ел-бір кітап» республикалық акциясы аясында оқуға ұсынылған қазақ жазушысы Т. Әбдіктің «Оралу» повесі бойынша кітап талдауы ұйымдастырылды.
Көрнекті жазушы Төлен Әбдік «Парасат майданы», «Әке», «Тозақ оттары жымыңдайды» т.б шығармалардың авторы. Жазушының көптеген шығармаларының, әсіресе, бұл қатарда «Оралу», повесінің орны ерекше. Шығарма мазмұнының тереңдігін, көтерген әлеуметтік жерін айтпағанда, шығарма аяғындағы аяқталмай қалған драмалық түйіндер оқырман қауымды шет қалдырмай өздерімен бірге ойланып – толғануға шақырады. №144 С. Әлжіков атындағы мектептің мұғалімі Нұргүл Палымбетова жазушының өмірі мен шығармашылығынан мағлұмат беріп кітап оқудың пайдалы екенін жеткізді. Шара барысында оқырмандар повесть бойынша замана болмысының бет бейнесі іспеттес басты кейіпкерлеріне талдау жасай отырып, шығарма жайлы ойларын ортаға салды. Шараның мақсаты: Жастарды кітап оқуға тарту, жазушының шығармаларын насихаттау.