Кітап – бөлек бір әлем
Орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №6 кітапхана 23 сәуір – Дүниежүзілік кітап және авторлық құқықты қорғау күніне орай «Кітап – бөлек бір әлем» атты іс-шара ұйымдастырды. Іс-шараға К. Қаракөзов атындағы №235 орта мектептің кітапханашылары мен оқушылары қатысты. Шара барысында кітапхана қызметкерлері оқырмандарға атаулы күннің тарихын, мән-мағынасын түсіндірді. Оқырмандар іші сарқылмас қазынаға толы руханият ордасының жұмысымен, кітап қорымен, кітап көрмелерімен, «Коворкинг» орталығының мақсатымен танысып, ой сергітіп шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ ойнады. Өздерінің кітап оқуға деген зор қызығушылықтарын көрсеткен оқушылар кітапханаға оқырман болып тіркеліп, оқыған кітаптарынан алған әсерлерімен ой бөлісіп, пікір алмасты.







