Болашаққа үміт, жастарға сенім
Қызылорда қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №19 кітапханада Алаш қайраткері, ақын, қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, артына өшпес мол мұра қалдырған Мағжан Жұмабаевтың 130 жыл толуына орай «Болашаққа үміт, жастарға сенім»-атты әдеби оқу өткізілді. Шара барысында ақынның өлеңдері кітапхана оқырмандары жатқа оқылып, ақынның өмір жолы мен шығармашылығы терең айтылды.







