Халқының жүрегіндегі қаһарман

   Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №12 кітапхана мемлекет және қоғам қайраткері, Ұлы Отан соғысының ардагері Қонысбек Қазантаевтың 100 жылдығына орай  «Халқының жүрегіндегі қаһарман»  аттыеске алу кешін ұйымдастырды.
  Шараға Қонысбек Қазантаевтың отбасы мүшелері:  Филолог, ҚР білім беру ісінің үздігі, зейнеткер Мәншүк Қонысбекқызы, Арал, Жалағаш, Қармақшы аудандарында әкім,  ҚР парламент сенатының депутаты, Мұнай өндіріс саласында басшы болып қызмет атқарған Қаюпов Биғали Әбдікерұлы, Қара шанырақтың иесі, Теренөзек ауданы, Қызылорда қаласының әкімі болып қызмет жасаған, әкесінің жолын жалғастырған білікті, білімді азамат, қазіргі таңда зейнеткер Қазантаев Ғанибек   Қонысбекұлы, Кызылординские вести» газетінде журналист қызметін атқарған, Қонысбек Қазантаевтың келіні Тыныштықбаева Шара Елтайқызы, мемлекет және қоғам қайраткері, Сырдария ауданының Құрметті азаматы, «Ұрпақтан-ұрпаққа» қоғамдық бірлестігінің төрайымы  Алмагүл Божанова, Халықаралық Жазушылар Одағының мүшесі, Қазақстан журналист Одағының мүшесі Еркін Әбіловтер қатысты. Қонақтар ҰОС ардагері, біртуар азамат Қонысбек Қазантаев жайлы естеліктермен бөлісіп, шыншылдық, еңбекқорлық пен іздемпаздық, талапкершілік пен кешірімділік, отбасына деген адалдық, қамқорлық сияқты өн бойынан табылатын асыл қасиеттері жайлы кеңінен әңгімеледі. Сондай-ақ М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледждің студенттері арнау арнап  және  кітапхана оқырмандары Қ. Қазантаевқа арналған ақындардың арнау өлеңдерін оқып, ән мен биден шашу шашты.
   Әсерлі кеш Сыр елінің саңлағына арналған «Мәңгілік  ізін қалдырған» атты кітап көрмесімен тамашалаумен аяқталды.
 
25 сәуір 2023 ж. 601

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам