Қандай кітап оқып жүрсіз?

   Қалалық жүйеге қарасты А.С.Пушкин атындағы орталық кітапханада «23-сәуір Халықаралық кітап және авторлық құқықты қорғау күні» аясында «Қандай кітап оқып жүрсіз?» атты оқырмандар арасында сауалнама өтті. Қоғамның оқу мен кітапқа деген қызығушылығын арттырып, дамыту, оқу мен кітаптың беделін көтеру. Соның ішінде  жастарды рухани құндылығымыз кітапты сүюге, кітаптың адам өміріндегі аса маңызды рөлін түсіндіріп, әдебиетке деген қызығушылықта арттыру. Абылайхан  атындағы №140 орта мектептің 9 сынып оқушылары қатысып, сауалнама бойынша жастардың кітап оқу мәселесі төңірегіндегі актуалды сұрақтарды талқыға салды.  Атап айтсақ, кітапты насихаттау, жастарды оқуға тарту тақырыптары қозғалды. Сонымен қатар, оқырмандар екі топқа бөлініп «Сүйікті кітабым, сүйікті кейіпкерім» атты тақырыпта «Әлем әдебиеті» сериясы бойынша, өздерінің оқыған кітаптары туралы пікір алмасып, жазушылар портреттері бойынша дайындалған сұрақтарға жауап беріп, шараға белсенді қатысты. Оқырманның кітапханамен жақсы қарым-қатынас жасауы, кімнің көп кітап оқығаны, кітап оқу арқылы кімнің білімі мен біліктілігі  артық екені анықталды. Шара барысында оқырмандар өзіне керекті және қызықты дерек көздерімен танысып, кітапхана жайлы толық ақпарат алды. Шара соңында  оқырмандарға  кітапхана мекен жайы мен әлеуметтік желідегі сілтемелер жазылған   жарнамалық парақшалар таратылды.
   
21 сәуір 2023 ж. 444

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам