31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне
А.С.Пушкин атындағы орталық кітапханада «31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне» орай «Алаш тағылымы- тәуелсіздік негізі» атты кітап көрмесі бойынша библиографиялық шолу өткізілді. Шолуда «Алаш қозғалысы» атты энциклопедиялық анықтамалықтарға енген Алаш қайраткерлері, Алашорда үкіметінің жетекшісі Ә.Бөкейхановтың, Алты Алаштың ардақты ұлдары, қазақтың бес арысы Ш.Құдайбердіұлының, М.Жұмабаевтың, Ж.Аймауытовтың, М.Дулатовтың, А.Байтұрсыновтың, Алаш қозғалысының төл перзенті М.Шоқайдың және тағы да басқа ұлт зиялыларының өмірі мен шығармашылығы туралы жазылған кітаптар мен мерзімді басылымдар қамтылып, Қызылорда Құрылыс және бизнес колледжінің белсенді оқырмандары өздеріне қажетті ақпараттар алды.







